Наверх

Погода в Астане: 26 мая, день: +30° 8 м/с26 мая, вечер: +25° 6 м/с27 мая, ночь: +18° 8 м/с27 мая, утро: +13° 11 м/с

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

1197
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан.

Халықтың денсаулығын сақтауға және күшейтуге барлық мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, БАҚ және бизнес қоғамдастықтың күшін біріктіру қажет. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова айтты.

Ол  өз сөзінде 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулык» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру екенін атап өтті. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құрудың мақсаты- қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша мүдделі тараптардың күштерін біріктіру болып табылады, ал  қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің негізі –  профилактика және қоғамның денсаулығына мемлекет пен халықтың ортақ жауапкершілігі екенін ескеру қажет.

«Соңғы жылдары Қазақстанда созылмалы инфекциялық емес ауруларды анықтауға және емдеуге кететін шығындардың өскені байқалады. Бұл мемлекеттің денсаулық сақтауға бағытталған барлық шығындарының 95−96% құрап отыр, ал оны болдырмауға 3%-ғана жұмсалады.

Осыған байланысты,  әрбір қазақстандық үшін өмірдің сапасы мен ұзақ өмір сүрудің кепілі болатын тиімді шаралар қабылдау қажет. Осы шараларға  көбірек қаражат жұмсау керек. Сол кезде мемлекет пен халық ауруларды емдеуге аз қаражат жұмсайтын болады» - деп атап өтті Айжан Есмағамбетова.

Болашақта денсаулық сақтау министрлігі созылмалы аурулар бойынша сырқаттанушылықты төмендетуді, жалпы өмір сүру ұзақтығын арттыруды және сырқатты  емдеумен қатар,оны болдырмау шараларын басты назарда ұстайтын болады.

Оценить материал
0