Наверх

Погода в Астане: 29 мая, день: +28° 3 м/с29 мая, вечер: +24° 3 м/с30 мая, ночь: +19° 4 м/с30 мая, утро: +21° 4 м/с

Қарағандыда 2020 жылға дейін алты электростанция салынады

2177
Фото: Облыс әкімдігінің сайтынан.

Қарағанды облысында 2020 жылға дейін күн және жел қуатымен жұмыс істейтін алты электростанция салынады. Бұл туралы Қарағанды облыс әкімінің сайтында жарияланды.

Барлық алты станцияның 2020 жылдың соңына дейін іске қосылуы жоспарланған. Жобаларды жеке инвесторлар қаржыландыратын болады. Жоба құны - 163 миллиард теңге. 

Биылғы жылыа Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысы басталды. Оның қуаттылығы - 100 МВт. Жылына 145 миллион КВт қуат өндіретін болады.

Сондай-ақ, тағы бір күн электр станциясы Шет ауданында, Ағадыр кентінің маңында салынбақ. Ол «КазСолар» ЖШС қаражатының есебінен салынады. Қуаттылығы - 50 Мвт.

Ал Ақтоғай ауданы Гүлшат ауылында «КПМ-Дельта» ЖШС 40 МВт-тық күн электр станциясын тұрғызатын болады. 

10 МВт жел қуатымен жұмыс істейтін жаңа электр станциясы Осакаров ауданы Осакаров кентінде де пайда болады.

«Шаңырақ - 22» ЖШС қаржысы есебінен салынатын қуаттылығы 10 МВт болатын жел электр станциясы Қарқаралы ауданында салынады. 

Абай ауданында «Агрофирма Құрма» ЖШС қуаттылығы 1 МВт биогазды құрылғы орнатады.

Бұл станциялар өндіретін қуатты Энергетика министрлігі бір киловатын 32-36 теңгеден сатып алуды жоспарлап отыр. Оны KEGOК-тың желілері бойынша таратады. Тұтынушыларға қуат аймақтарда бекітілген тарифтер бойынша жеткізіледі. Қарағандыда бір киловатт құны 10-11 теңге.  



Оценить материал
0