Наверх

Погода в Астане: 26 мая, день: +30° 8 м/с26 мая, вечер: +25° 6 м/с27 мая, ночь: +18° 8 м/с27 мая, утро: +13° 11 м/с

Жыл соңына дейін Кениядан Қарағандыға жүк әуе рейстері ашылады

1661
Фото: www.kgf.aero.

Гүлдер мен халық тұтынуға арналған тауарларды тасымалдайтын жүк ұшақтары Кениядан Қарағандыға жыл соңына қарай ұша бастайды. Бұл туралы «Сары-Арқа әуежайы» АҚ басқармасының төрағасы Сәрсенбек Күшкінов хабарлады.

Оның айтуынша, кениялық раушан кесілгеннен кейін өзінің жұпар иісін 12-17 күн сақтап тұрады. Салыстырып айтар болсақ, Амстердамда өсірілген раушан гүлі 7-10 күн ғана сақталады,Сондықтан қарағандылық бизнес Кениядан гүлдер тасымалдауға қызығушылық танытып отыр. 

Сонымен қатар, ұшақтар түрік астанасы Стамбулдан Қарағандыға маталар мен арнайы техникаларға бөлшектер әкелінеді деп жоспарланған. 
Кениядан әуе рейсі аптасына бір рет ұшады. Болашақта  тасымалдайтын тауарларға сұраныс артса, онда рейстер саны көбеюі мүмкін.

Сондай-ақ, Қарағанды арқылы голландиялық раушандар Ресейге және Қазақстанның басқа да қалаларына жеткізіледі. Осы жылдың қыркүйегінен «Боинг 747» жүк ұшағы -Қарағанды әуежайына  аптасына екі рет қонады. Гүлдерді әкелумен қатар, халық тұтынатын тауарлар да тасымалданатын болды. 
Осы жылдың желтоқсанында Сианмен жүк әуе рейстерін қайта іске қосу жоспарланып отыр.

Қытай тауарлары қарағандылық әуежайда ашылатын пошта хабына түсіп отырады. Мұнда оларды сұрыптап, өзге қалалар мен елдерге жөнелтеді. 

Оценить материал
0