Наверх

Погода в Астане: 28 мая, ночь: +10° 5 м/с28 мая, утро: +16° 6 м/с28 мая, день: +22° 6 м/с28 мая, вечер: +18° 4 м/с

Омбыда «Казмаркет» дүкені ашылды

1276
Фото: Капитал.кз порталынан.

Омбыда ашылған «Казмаркет» дүкеніне ет,сүт және кондитерлік тағамдарды Солтүстік қазақстандық тауар өндірушілер жеткізуде. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

Дүкеннің ашылуы 8-9 қарашада Челябинскіде өтетін Қазақстан мен Ресейдің 14 өңіралық ынтымақтастық форумы қарсаңына орайластырылған.

Сонымен қатар, қазақстандық өнімдер сататын тағы бір сауда орны жақын арада ашылуы жоспарланып отыр.

Омбы облыстық экономика министрінің орынбасары Денис Кушнердің айтуынша, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанның Омбы облысымен арадағы сауда –саттық айналымы 143,6 млн.долларға жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33 пайызға артық.

 

Оценить материал
0