Наверх

Погода в Астане: 27 июня, вечер: +12° 6 м/с28 июня, ночь: +12° 5 м/с28 июня, утро: +14° 8 м/с28 июня, день: +15° 7 м/с

ҚР ҚК-нің взвод сержанттары Кадет корпусында біліктілік курсынан өтуде

1162
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтынан.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы базасында  қазанның 23-і мен қарашаның 18-і аралығында взвод сержанттары біліктілікті арттыру курсынан өтуде, деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Курстан өтуге  40-тан аса взвод сержанты тартылды.

Бағдарламаға сәйкес, сержанттар тактикалық, атыс, дене даярлығы, әскери топография, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көшбасшылық сияқты пәндер бойынша оқудан өтуде. Сержанттар құрамы үшін сержанттардың базалық курсынан бастап взвод, рота мен батарея, батальон және дивизион, штабтар, бригада, базалар мен полктердің сержанттары курсына дейін дайындықтың жеті деңгейі қарастырылған.

Курстар Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығы негізінде өткізілуде.

Биылғы жылы ҚР Қарулы Күштерінің он бір мыңнан аса сержанты әртүрлі дайындық курстарынан өткен. Қазақстанның Қарулы Күштерінде сержанттарды дайындауға үлкен мән беріледі.

ҚР ҚК-нің сержанттар корпусы әскердің жауынгерлік қабілеттілігін нығайту жөнінде бірқатар маңызды тапсырмаларды орындайды. Сержанттарды даярлаумен байланысты барлық іс-шараларды ҚР ҚК Бас штабының Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасы ұйымдастырып, өткізеді.

 

Оценить материал
0