Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Мәжіліс «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

1534
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Кодекс жобасы жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысында кездесетін кедергілерді жойып, саланың құқықтық базасын жетілдіруге, халықаралық стандарттарға өтуге әрі инвестициялық климатты жақсартып, салаға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасы бойынша жасаған баяндамасында.

Оның  айтуынша, бүгінгі таңда 104 елдің ішінде Қазақстан геология саласын мемлекеттік реттеу бойынша тек 74-ші орында болса, жер қойнауының геологиялық тартымдылығы жағынан 45-ші орында тұр.

Кодекс жобасын әзірлеу барысында  Австралияның тәжірибесі үздік деп саналатындықтан,біз австралиялық заң моделін үлгі ретінде алдық. Бұл инвесторлардың да берген бағасы, - деп атап өткен министр, Маккэнзидегі кеңесшілер есебінің тұжырымына сәйкес, жаппай геологиялық барлау тетігі іске қосылған жағдайда, Қазақстанда болашақта әлемдік деңгейдегі кем дегенде 15 кен орнын, сонымен қатар,  тау-кен рудасы аймақтарын ашу болжанып отырғандығын жеткізді. 



Оценить материал
0