Наверх

Погода в Астане: 25 мая, вечер: +23° 5 м/с26 мая, ночь: +18° 5 м/с26 мая, утро: +23° 7 м/с26 мая, день: +30° 9 м/с

«Жасыл ел» жасағы «Үздік штаб» атанды

1091
Фото: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы жылғы XIII маусым жұмысының қорытындысы бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағы құрамындағы Алматы облыс жастары 900 гектардан астам жерді тазартып, 660-қа жуық ағаш отырғызған. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

«Жасыл ел» еңбек жасағының облыстық штабының директоры Тимур Нұғмановтың айтуынша, бір жылдың ішінде еңбек жасағы құрамына 1907 адам қабылданса, соның 1646-сы - елді мекендердің жастары.

Олар абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарымен қатар ауқымды шаралар да өткізген. Мәселен, «Жасыл ел UPGRADE» шарасы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне арнап ұйымдастырылды. Осы шара арқылы ардагерлердің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ауласын реттеп, бақшасын баптауға үлкен септіктерін тигізген.

Сонымен қатар биылғы жылы «Жасыл ел» жасақтарының арасында Көңілді тапқырлар клубын ұйымдастырып, жастардың ой ұшқырлығын жетілдіруге атсалысқан.

2013, 2016 жылдары жыл қорытындысы бойынша «Үздік штаб», «Үздік жоба», «Жасақтың үздік командирі» аталымдары бойынша жеңімпаз атанса, 2017 жылдың қорытындысы да көңіл қуантарлықтай. XIII маусымның нәтижесінде облыстағы жасылелдіктер «Үздік штаб» номинациясын жеңіп алды.

Алдағы маусымда «Жасыл ел» жасағы «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясын ұйымдастырып, бейнероликтер түсіруді, облыстағы бұлақ бастауларының картасын әзірлеуді қолға алмақшы. Сонымен қатар жылыжай салып, онда көкөністер мен жеміс-жидек өсірсек деген ниеттері де бар.  

Оценить материал
0