Наверх

Погода в Астане: 25 мая, вечер: +23° 5 м/с26 мая, ночь: +18° 5 м/с26 мая, утро: +23° 7 м/с26 мая, день: +30° 9 м/с

Әскери қызметшілердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелері талқыланды

1031
Фото: SUD.GOV. KZ.

Әскери сотта Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының құрылымдық бөлімдері басшыларының, сондай-ақ Бас әскери прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды,деп хабарлады әскери соттың баспасөз қызметінен.

Әскери соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ербол Ахметжанов кеңес жұмысын аша келе, Қорғаныс министрлігі қолданыстағы тұрғын үй заңнамасынан тұжырымдамалық түрде ерекшеленген, әскери қызметкершілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің кең мүмкіндіктері көзделген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлегенін айтып өтті.

Осыған байланысты, алқа төрағасы кеңеске қатысушылардың назарын осы заңнамадағы жаңашылдықтарды түсіну және болашақта тәжірибеде дұрыс қолдануды қамтамасыз ету мақсатында бірлескен талқылаулар өткізу қажеттігіне аударды.

Қорғаныс министрлігі заң департаментінің өкілі майор Ербол Мұхамеджан тиісті техникалық құралдарды пайдалана отырып, қатысушыларға әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша жаңа алгоритмді таныстырды.

Ол қорғаныс ведомствосы әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірқатар балама шараларын ұсынып отырғанын айтып өтті. Соның ішінде, 10 жылдан кем әскери қызмет өтілі бар әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалдау үшін төлемақы төлеу тәжірибесін әскери қызмет өтіліне қарамастан тұрғын үйге мұқтаж барлық санаттағы әскери қызметшілерге қолдану ұсынылды. Бұл ретте, екінші деңгейдегі банктер арқылы әскери қызметшілердің арнайы есеп шоттарына 100% мөлшерде тиісті тұрғын үй төлемдерін аудару мүмкіндігі қарастырылуда.

Кеңеске қатысушылар әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелерін тұжырымдамалық тұрғыда шешуге айтарлықтай маңызы бар, соның ішінде әскери ортаны тұрғынжаймен қамтамасыз ету сияқты тұрғын үй заңнамасындағы жаңашылдықтар бойынша өз ойларын білдіріп, оның тиімді жақтарын атап көрсетті.

Сонымен бірге, заңнамадағы жаңа өзгерістерді бірлесе талқылау әскери басқару органдары мен әскери соттар арасында тиісті өзара іс-қимыл орнатуға және әскери қызметшілерге қатысты тұрғын үй заңнамасын қолдану бойынша тиісті сот тәжірибесін қалыптастыруға септігін тигізетіндігі атап өтілді.

Оценить материал
0