Наверх

Погода в Астане: 25 мая, вечер: +23° 5 м/с26 мая, ночь: +18° 5 м/с26 мая, утро: +23° 7 м/с26 мая, день: +30° 9 м/с

«Көкталға» жаңа автобус қатынайтын болады

968
Фото: әкімдіктің сайтынан.

16 қарашадан бастап № 71 автобус бағдарының қозғалыс сызбасы өзгереді.

«Көктал-2» ТА – «METRO» гипермаркеті бағыты бойынша жүретін № 71 бағдарында жаңа ыңғайлы «Iveco» маркалы автобустар қызмет көрсететін болады. Бұл туралы елорда медиаорталығы хабарлады.

№ 71 бағдары үлкен көлемді автобустармен қызмет көрсетілуіне байланысты, бағдардың жүру сызбасы өзгереді.

«Көктал-2» ТА бастапқы нүктесінен Жұмабаев пен Обаған көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай Жұмабаев көшесімен тура - солға Балқантау көшесіне, одан ары ағымдағы сызбаға сәйкес жүретін болады.

16 қарашадан бастап «Достык» ОДО – стела «Звезда Астаны» бағытындағы № 18 бағдары  бойынша автобустар саны 16-дан 20-ға көбейтіліп, қатынау жиілігі 11 минуттан 9 минутқа дейін қысқармақ.

 

Оценить материал
0