Наверх

Погода в Астане: 25 мая, вечер: +23° 5 м/с26 мая, ночь: +18° 5 м/с26 мая, утро: +23° 7 м/с26 мая, день: +30° 9 м/с

20 мыңнан астам жұмысшылардың құқығы қорғалды

939
Фото: Ашық ақпарат көзінен.    

ҚР Еңбек сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторлары 2017 жылдың соңғы 10 айында республикадағы 1372 кәсіпорынның 22,9 мың жұмысшыға 3,1 млрд. теңгеден асатын еңбекақы берешегін анықтаған.

Еңбекақы берешегі бар кәсіпорындар басшыларына орындауға міндетті 1204 ұйғарым беріліп, 160,6 млн. теңгеден астам айыппұл салынған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, белгіленген қатаң кестелер мен еңбекақы берешегін өтеуді қоса есептегенде, 20 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалған. Оларға 2,7 млрд. теңге төленді.

Сонымен қатар, аталған кезеңде мемлекеттік инспекторлар 8393 тексеру жүргізіп, 12,1 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықтап,оларға  392,5 млн. теңге айыппұл салған.

 

Оценить материал
0