Наверх

Погода в Астане: 19 мая, вечер: +15° 9 м/с20 мая, ночь: +10° 5 м/с20 мая, утро: +13° 9 м/с20 мая, день: +17° 11 м/с

Кәсіптік білім арқылы бірнеше біліктілікті қоса меңгеруде

1146
Фото: Облыс әкімінің сайтынан.

Елімізде биылдан бастап кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселе - білім алушылардың жұмысшы мамандығы бойынша бірнеше біліктіліктерді қатар алып шығуы маңызды болып отыр. Осы мақсатта, бүгінгі күні облыстағы 11 колледжде 18 мамандық бойынша студенттер бірнеше яғни, 38 біліктілік бойынша білім алуда, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Осыған орай, әрбір колледж жыл сайын кем дегенде бір мамандық бойынша бірнеше біліктіліктерді қатар беруді қамтамасыз етуде.

Колледж студенттерін кәсіпкерлікпен айналысуға құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін 36 сағаттық факультативтік курс ретінде колледждерде биылғы жылдан бастап енгізілген. 

Болашақта осы жаңалықтарды жүйелі түрде оқу үдерісіне қосу үшін колледждердің кадрлық құрамының сапасын арттыру міндеті тұр.

Осы мақсатта, 2017 жылы «Кәсіпқор» Холдингінің ұйымдастырумен модульдік білім бағдарламалары бойынша 240 инженер-педагог және 11 колледж директоры халықаралық менеджмент 3 деңгейлі біліктілік арттыру курстарынан өткен.

Келесі жылы бұл санды 310-ға дейін арттыру  жөнінде «Кәсіпқор» Холдингімен келіссөз жүргізіліп, оның ішінде ағылшын тілінде оқытылатын CLIL бағдарламасына қатысушылардың саны ұлғаймақ.

Оценить материал
0