Наверх

Погода в Астане: 19 мая, вечер: +15° 9 м/с20 мая, ночь: +10° 5 м/с20 мая, утро: +13° 9 м/с20 мая, день: +17° 11 м/с

Астанада ТЖД мамандары 40 мың тұрғынға өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

1193
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Астанада өрт сөндірушілер жеке сектор тұрғындарын түтінге улануды болдырмау мақсатында 39 925 үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Пеш жағу маусымында түтінге уланудың алдын алу мақсатында Астана қаласының ТЖД мамандары жеке сектордағы 39 925 тұрғын үйге аралап, өрт қауіпсіздігінің бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұған қоса Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 173 рейдтік шаралар өткізілді. Әсіресе тұрмыс деңгейі төмен, әлеуметтік әлжуаз топқа жататын отбасылар басты назарға алынды», - деді Астана қаласының ТЖД басшысы Барат Дұзақпаев.

Оценить материал
0