Наверх

Погода в Астане: 26 мая, день: +30° 8 м/с26 мая, вечер: +25° 6 м/с27 мая, ночь: +18° 8 м/с27 мая, утро: +13° 11 м/с

Жыл соңына дейін Қытайға автомобильмен тасымалдауға 7 мың рұқсатнама бланкісі беріледі

952
Фото: Министрліктің сайтынан.

2017 жылдың басында Қазақстан мен Қытай 50 мың автомобильмен тасымал жасау рұқсаттама бланкілерімен алмасты. 20 қарашадағы есеп бойынша қазақстандық тасымалдаушылар 43146 бланканы пайдаланды. Бұл туралы министрліктің сайтында жарияланды.

ҚР ИДМ Көлік комитеті рұқсаттаманы беру жөніндегі мемлекеттік қызмет автоматтандырылғанын және ақысыз екенін еске салады. Тасымалдаушылар аталған бланкілерді elicense.kz порталының көмегімен ала алады. Тапсырыс берілгеннен кейін беру туралы шешім екі күн ішінде қабылданады. Тапсырыстан кейін бланктерді беру туралы шешім екі жұмыс күні ішінде қабылданады.

Рұқсаттамаларды тарату тасымалдаушының жылжымалы құрамының санына, комитеттің аймақтық органдарындағы қайтарылған және қалған бланкілер санына байланысты.

Оценить материал
0