Наверх

Погода в Астане: 26 мая, ночь: +18° 5 м/с26 мая, утро: +23° 7 м/с26 мая, день: +30° 9 м/с26 мая, вечер: +23° 9 м/с

«Сонар-2017» республикалық құсбегілер жарысы өтуде

920
Фото: Облыс әкімінің сайтынан.

24-26 қараша  аралығында Алматы облысында тұңғыш құрылған "Жалайыр Шора" бүркітшілер мектебінің 30 жылдығына арналған "Саят" ұлттық спорт түрлері бойынша "Сонар-2017" республикалық құсбегілер жарысы өтеді. Бұл туралы облыс әкімінің сайтында жарияланды.

Жарысты ұйымдастырушылар ҚР спорт комитеті, Алматы облысының әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, "Қыран" федерациясы мен "Қансонар" аңшылық орталықтары.

Оған  Ақмола облысы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Алматы мен Астанадан құсбегілер қатыспақ.

Жарыс жеңімпаздары 26 қарашада арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Оценить материал
0