Наверх

Погода в Астане: 26 мая, день: +30° 8 м/с26 мая, вечер: +25° 6 м/с27 мая, ночь: +18° 8 м/с27 мая, утро: +13° 11 м/с

ОҚО-да тауар өндірушілер жәрмеңкесі жалғасын табуда

950
Фото: Облыс әкімінің сайтынан

Алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында бастау алған «RIC ON KO’RME» атты жәрмеңке жалғасын табуда. Ерекшелігі – жәрмеңкеде тек қана «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылған тауар өндірушілері өз өнімдерін нарықтан төмен бағада сатуға шығарады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Олар үшін орындар тегін беріліп, сатушыға да сатып алушыға да компания барлық жағдайды жасап беруде.

Жәрмеңкенің мақсаты - ауылшаруашылығы тауарларын халыққа өндіруші бағасымен тікелей қолжетімді ету, кәсіпкерлер, тұтынушылар және компания арасындағы үш жақты бейресми қарым-қатынасты нығайту және жақындату, қаржыландырылған жобалардың өнімдерін танымды болуына ықпал жасау және оларды ілгерілету.

«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре және «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Данияр Арынғазинның айтуларынша, енді бұл жәрмеңке əр екі аптада бір рет өткізіліп тұратын болады.

Жәрмеңкеде 35-40 шақты кәсіпкер өз тауарларын нарықтан төмен бағамен сатылымға шығарады. Олардың ішінде азық-түлік: ет және сүт өнімдері, балық және шұжық өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер басым бөлігін құрайды. Одан бөлек, жеңіл өнеркәсіптік тауарлар, қолдан жасалған бұйымдар, құрылыс материалдары, сондай-ақ балалар үшін ойыншықтар да бар.

Оценить материал
0