Наверх

Погода в Астане: 26 мая, ночь: +18° 5 м/с26 мая, утро: +23° 7 м/с26 мая, день: +30° 9 м/с26 мая, вечер: +23° 9 м/с

«Сот жүйесінің үздік аудармашысы» республикалық байқауы өтуде

995
Фото: Жоғары Сот сайтынан.

ҚР Жоғары Сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» байқауының жеңімпаздары бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған жиында марапатталатын болады.   

Байқау Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді практикалық іске асыру шеңберінде өтті. Мақсаты – ауызша аударма жасау, мемлекеттік тілде процестік құжаттарды әзірлеу және сот іс қағаздарын жүргізу дағдыларын меңгерген кәсіби сот аудармашылары корпусын қалыптастыру.

Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәмидің айтуынша, бұл мәселе сот жүйесі үшін қағидатты маңызға ие, себебі аударма соттарда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды толығымен іске асыруға өз септігін тигізеді.

Ол әлемнің көптеген мемлекеттерімен белсенді экономикалық байланыс орнатқан көп этносты Қазақстан үшін сапалы сот аудармасы мәселесі көп жағдайда соттар жұмысының тиімділігін қабылдауға ықпал ететіндігін атап өтті. Таяу уақытта сот аудармасының деңгейін арттыру бойынша Жоғарғы Сот кешенді шаралар қабылдайтыны да айтылды.

Сот аудармашыларының өңірлік конкурстары ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында барлық жергілікті соттарда өтті. Олардың қорытындысы бойынша республикалық байқауға ең үздік 25 қатысушы жолдама алған болатын.

Оценить материал
0