Наверх

Погода в Астане: 26 мая, ночь: +18° 5 м/с26 мая, утро: +23° 7 м/с26 мая, день: +30° 9 м/с26 мая, вечер: +23° 9 м/с

«Менің жетістігім-елімнің жетістігі» байқауының жеңімпаздары марапатталды

965
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Павлодарда осымен бесінші мәрте өткізіліп отырған «Менің жетістігім – елімнің жетістігі» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Бұл жасампаз жастар жыл бойы спорт және шығармашылық салаларында жетістікке қол жеткізіп келген. Екі ай ішінде жастардың бастамаларын дамыту орталығына конкурсқа қатысуға 57 өтінім келіп түскен. Олардың 30-ы іріктеуден өтті.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтады. – Мен алдымен байқау қатысушылары үшін қам жеген бүгінгі жүлдегерлердің тәлімгерлерін құттықтағым келеді. Сіздердің жетістіктеріңіз – облыс жетістіктері. Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

Жеңімпаздар «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет», «Инновациялық идеялардағы жетістіктер», «Шығармашылық қызметтегі жетістіктер» және «Спорттық жетістіктер» аталымдары бойынша марапатталды.

Оценить материал
0