Наверх

Погода в Астане: 27 июня, день: +13° 8 м/с27 июня, вечер: +13° 5 м/с28 июня, ночь: +12° 5 м/с28 июня, утро: +13° 8 м/с

«Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы басталды

1614
Фото: Motor.kz.

Бүгін ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бастамасымен республикамызда Халықаралық мүгедектер күніне арналған акция басталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми сайтында жарияланды.

«Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыруға, жол жүрісіне қатысушылардың осы санатына әдепті қарым-қатынас жасау және оларды жолда тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету қажеттілігіне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында акция өткізіледі» – деп хабарлайды ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ирина Лукьянина.

Акцияның шеңберінде жалпы білім беру ұйымдарында, балалар үйлерінде, интернат-мектептерінде және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзеу оқу орындарында әкімшілік полиция қызметкерлері жол-көлік жарақаттануын алдын алу бойынша әңгімелесулер, конкурстар, сұрақ-жауап сайыстарын, бейнесабақ өткізеді.

ЖКО салдарынан мүгедек болған балаларға оңалту көмек көрсету мақсатында денсаулық сақтау, білім беру органдарымен, қайырымдылық ұйымдарымен психологиялық медициналық орталықтардың базасында «ЖКО-да жарақаттанған балаға көмектес» акциясы жоспарланды, оның барысында ойын-жаттығу бағдарламасы және жол қауіпсіздігі бойынша конкурстар, психологтардың, невролог дәрігерлердің және басқа да медициналық мамандардың консультациялары ұйымдастырылады.

Жол жүрісіне ерекше санаттағы қатысушыларға – мүмкіндігі шектеулі адамдарға әдепті қатынас қалыптастыруға бағытталған басқа да іс-шаралар жоспарланған. «Халықаралық мүгедектер күні – мереке емес. Бүл бізбен бірге мүмкіндігі шектеулі адамдар тұратынын халыққа ескерту жасаудың тағы бір мүмкіндігі. Біздің, оның ішінде жолдағы, түсінушілігіміз оларға өмірлік маңызды» – деп түйіндеді Ирина Лукьянина.

Оценить материал
0