Наверх

Погода в Астане: 17 декабря, вечер: -24° 3 м/с18 декабря, ночь: -25° 3 м/с18 декабря, утро: -27° 3 м/с18 декабря, день: -18° 3 м/с

Қытай "Қорғас" орталығындағы өз аумағына сақалды адамдарды кіргізбей жатыр

93
Фото: Синьхуа.

Қазақстан мен Қытайдың шекара бойындағы ынтымақтастығы жөніндегі кездесуде сөз сөйлеген Алматы облысының прокуроры Азамат Жылқыбаев Қытай тарапы "Қорғас" шекара бойы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы (ШЫХО) өз аумағына сақалды және мұсылманша киінген адамдарды кіргізбей жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, "Қорғас" ШЫХО арнайы көлік-жаяу жүргінші жолында сәуірден бастап Қытай әскери бөлімдері қызмет көрсететін қосымша бақылау-тексеру өткізу пункттері орнатылған. Бұл шара діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы әрекет ету мақсатында Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданы билігінің шешімімен қабылданған.

"Сонымен бірге, аталған пункттерде орталықтың қытай тарапынан ұлты мен азаматтығына қарамастан сақал қойған және мұсылман тұрмыс-салтына сай киінген адамдарды өткізбей жатыр. Бұл Қазақстан азаматтары үшін де, біздің аумақтан сонда өткісі келетін шетел азаматтары үшін де орталыққа баруды қиындатып жатыр, екіншіден, екі мемлекет арасындағы тауар айналымы төмендеді", — деді прокурор.

Азамат Жылқыбаев  әскери өткізу пункттерінің жұмысын "Қорғас" ШЫХО қызметін реттеу туралы талаптар мен келісімдерге сәйкес келтіруді ұсынды. Келісім бойынша, мұндай қызметті тек табиғат апаты, эпидемия, төтенше жағдайлар туындаған кезде қолдану қарастырылған.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин де бұл ақпаратты растады.

Қытай жоғары халықтық прокуратурасының өкілі Го Синван аталған мәселе жайлы алғаш рет естіп тұрғанын,мұндай ұсақ мәселелерді шешу үшін екі ел өкілдері арасында тұрақты кездесу өткізіп тұру қажет екендігін жеткізді.

Оценить материал
0