Наверх

Погода в Астане: 27 июня, день: +13° 8 м/с27 июня, вечер: +13° 5 м/с28 июня, ночь: +12° 5 м/с28 июня, утро: +13° 8 м/с

Қажылықта жасанды ақыл қолданылмақ

1407
Фото: muftyat.kz

Әл-Харам мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің мешіттері жөніндегі Бас басқарманың мәлімдеуінше, қажылық кезінде қажылардың қасиетті орындардың маңында жайлы әрі қауіпсіз түрде жүріп-тұруы үшін Сауд Арабия үкіметі жасанды ақылмен дайындалған алгоритмді қолданбақшы. Бұл туралы ҚМДБ сайтында жарияланды.

"Жаңа технологияның көмегімен Қағбаның маңында қажылардың жайлы түрде жүріп-тұруын қамтамасыз ету  үшін ведомство үкіметпен, қауіпсіздік қызметімен әрі ғылыми орталықтармен  белсенді түрде жұмыс жасап келеді", - деп атап өтті басқарма өкілі Фарес бин Файез Мулла.

Оның айтуына қарағанда, жыл сайын қажылық парызын өтеуші қажылардың саны артып келеді және Корольдік билігі әр тілде орнатқан көптеген  тақтайшалар мен нұсқауларға қарамастан, қасиетті орындардың маңында кептеліс болып,адамдардың көп жиналып қалуынан әрі күннің шыжыған сәулелері салдарынан кейде медицина қызметкерлерінің көмегі қажет болады.

Басқармадағылардың айтуынша, жасанды ақылдың көмегімен кептеліс мәселесін шешуге болады. Технологияны жасаушылардың пікірінше, қасиетті орынның маңындағы кеңістік бірдей виртуалды  секторларға бөлініп және әр сектордың шынайы уақыт бойынша бос еместігі ескерілетін болмақ.

Сондай-ақ, жасанды ақыл мүмкін болар кептелістің алдын алу үшін қолайлы шешімді жетілдіре түседі.

Үстіміздегі жылы қажылық парыздарын өтеуге барған қажылардың жалпы саны шамамен 2 млн адам болған.

Оценить материал
0