Наверх

Погода в Астане: 27 июня, день: +13° 8 м/с27 июня, вечер: +13° 5 м/с28 июня, ночь: +12° 5 м/с28 июня, утро: +13° 8 м/с

Рухани жаңғыру: Сыр елі жетістіктерін саралады

1929
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Қызылордада облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің қатысуымен өткен шарада  аймақта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған шаралар мен мәдениет саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтылды, деп жарияланған облыс әкімдігінің сайтында.  

Қазақстанның киелі жерлерінің картасына еліміз бойынша таңдалып алынған 100 қасиетті орындардың тізіміне облыстан 12 ескерткіш енгізіліп отыр. Олардың қатарында археологиялық Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат, Жент қалашықтары,  сәулет және қала құрылысы ескерткіштері – Қорқыт ата ескерткіш кешені, Оқшы ата, Төлегатай-Қылышты ата, Қорасан ата, Жанқожа баба, Бұқарбай батыр кесенелері, Бегім ана мұнарасы және Қызылорда қаласындағы Христос спаситель шіркеуі бар. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша тарихи-мәдени нысандар зерттеліп, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, өңірде күй өнерін, ұлттық дәстүрлі әндер мен жыраулық дәстүрді дәріптеу, тарихи қойылымдарды сахналау, музей экспозицияларын жаңарту сынды жобалар қолға алынуда. «Туған өлке мәдениеті, өнегелік құндылықтар» базалық бағытына енгізілген «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы» жобасы бойынша бүгінгі күнге дейін 35 ескерткіштің қорғау аймағы белгіленді. 

Елбасы бастамашы болған бағдарлама аясында Қызылорда облысы әкімдігі мен халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы бірлесіп түркітілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты  фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі өткізілді. Сонымен қатар, ақын-драматург Иранғайыптың 70 жылдығына арналған  «Бұ дүние ғайыбы» атты жыр кеші, композитор Ілия Жақановтың «Әнім саған, Сыр елі!» атты шығармашылық концерті болып өтті.

Облыс әкімінің орынбасары кітапханалар мен архивтерге қатысты атқарылып жатқан шараларға тоқталып, аймақ өнерпаздарының түрлі байқауларда жеткен жетістіктерін саралады.

Жиынға қатысушылар «Сыр сүлейлері» аллеясындағы жұмыстарды жаңғырту, көркемөнерпаздар үйірмелерін күшейту, «Жанданған арбат» аллеясының атын өзгерту, жастарға арналған байқаулар өткізу сынды көптеген мәселелерді көтерді.

Оценить материал
0