Маңқыстауда «Асар» қайырымдылық акциясы басталды

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстаулықтарға «Асар» қайырымдылық акциясын өткізуге үндеу тастады, деп жарияланған әкімдіктің сайтында.
Акцияның мақсаты - халықтың әлеуметтік осал топтарына: аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балалары бар жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету.
Өңір басшысы Ералы Тоғжанов қала мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына, «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы мен аймақтағы ірі компания өкілдеріне, кәсіпкерлерге осы акцияға атсалысуға шақырды.
Сонымен бірге Маңғыстау тұрғындарына да Жаңа жыл алдында жаппай көмек көрсетіп, ізгілікті іс жасау туралы ұсыныс тасталды.
«Асар – бұл ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптың бір түрі. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлемақы талап етпейді. «Асар» халқымыздың бірлігін, көмек қолын беруге, жақын дос адамдарға қамқорлық жасайтынын көрсетеді. Сондықтан барлық Маңғыстаулықтарды қайырымдылық акциясына қатысуға атсалысып, көмек көрсетуге шақырамын», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.