Иранда исламдық киім кимеген әйелдер қамауға алынбайды
1879

Фото: muftyat.kz.
Иран астанасының полициясы бұдан былай исламдық киім кимеген әйелдерді қамауға алмайды. Оның орнына түсіндіру орталығына жібереді, деп жазады centralasian.org басылымы.
"Тегеран таймс" газеті 28 желтоқсанда полиция генералы Хоссейн Рахимидің сөздеріне сілтеме беріп, ислам дресс-кодын кимеген әйелдер жауапқа тартылмайтынын хабарлаған.
"Тасним" Иран ақпарат агенттігінің дерегінше, бұдан былай әйелдер жауапқа тартылудың орнына арнайы лекцияға жіберіледі,егер ережені екінші қайтара бұзған жағдайда ғана олар жауапқа тартылатын болды.
Теги: Иран, әйелдер, Қоғам
Оценить материал
0
0
Поделиться
Похожие материалы