Наверх

Погода в Астане: 06 июня, день: +32° 5 м/с06 июня, вечер: +26° 4 м/с07 июня, ночь: +21° 3 м/с07 июня, утро: +27° 6 м/с

2017 жылы 175 мыңнан астам адам «Өрлеу» жобасына қатысты

1829
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп жарияланған ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында.

Бұл жәрдемақы жұмыспен қамтуды белсенді ынталандыру шаралары бойынша еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің міндетті түрде қатысуын ескере отырып, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% -нан төмен отбасыларына беріледі.

Негізгі өзгеріс - аз қамтылған азаматтарға немесе отбасыларға мақсатты әлеуметтік көмек көрсету. Атаулы әлеуметтік көмек – қолданыста болған көпбалалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, осы 3 әлеуметтік төлемнен асатын бірыңғай жәрдемақыға біріктірілген.

2014 жылдан бастап «Өрлеу» пилотты жобасы іске асырылып келеді.

2017 жылы оның қатысушылары 175 мыңнан астам адамға жетті, олардың 92% -дан астамы еңбекке жарамды немесе 34 мыңнан астам адам белсенді жұмысқа тартылды.

Жоба еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуды  және жаңа үлгідегі АӘК-ке көшуді қамтамасыз етті.

Биылғы жылы жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны шамамен 350 мың отбасы.

Оценить материал
0