Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

Қарағандыда облыстың білім беру жүйесінің дамуы және қалыптасуы мұражайы ашылды

1339
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында жаңа мұражай ашылды, деп жарияланған облыс әкімдігінің сайтында.

Мұнда Рашит Хасенов атындағы білім саласының дамуы мен қалыптасуы туралы баяндайтын экспозиция пайда болды.

Осындай облыстық білім басқармасының мұражайын құру туралы ұсыныс өткен жылдың наурызында жасалған болатын. Бастаманы ұстаздар, педагогикалық еңбек ардагерлері, мұражай ісінің мамандары, білім, ақпараттық технологиялар салаларының қызметкерлері қолдады.

- Бұл біздің аймағымыздағы осы секілді жалғыз мұражай, - дейді Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлсім Қожахметова.

Мұражайдың үш залында шамамен 250 жәдігер жиналған. Олардың арасында облыстық үздік педагогтары туралы мәлімет беретін энциклопедия бар. Бұл кітапта аймақтың алғашқы мыңдаған ұстаздарының есімдері мен суреттері келтірілген, сонымен қатар кеншілер аймағының барлық оқу ордалары мен мектепке дейінгі мекемелері туралы ақпараттар жазылған.

Залдардың бірі Хасеновтар әулетіне арналған, бұл әулеттің жалпы педагогикалық жұмыс өтілі 300 жыл. Мұражайдың өзі тарихшы, ұстаз Рашит Хасеновтың есімімен аталған.

Оценить материал
0