Наверх

Погода в Астане: 26 мая, ночь: +18° 5 м/с26 мая, утро: +23° 7 м/с26 мая, день: +30° 9 м/с26 мая, вечер: +23° 9 м/с

Ауыл мектебіне арналған сыйлық

1436
Фото: Министрлік сайтынан.

Шашубай кенті ресурстық орталығының тірек мектебінде жаңа буындағы «Робототехника» кабинетінің танаыстырылымы өтті.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының қамқорлығымен, бас қаламыз Астананың 20 жылдық мерейіне орай, компьютерлік білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылатын «Шаг» Компьютерлік Академиясы осы бірлескен жобада әлеуметтік серіктес бола отырып, инновациялық мектеп алаңын жабдықтауға арналған құрал-жабдықтарды сыйға тартты. 

Бұл ноутбуктер мен Arduino UNO роботтарын құрастыру және бағдарламалаудың 10 негізгі топтамасы жоғарғы сынып оқушыларына инженерлік және дизайн-ойлау дағдыларын, сонымен қатар математикалық модельдеу біліктерін дамытуға ықпалдасатын «Робототехника» курстарын оқыту барысында пайдаланылады. 

 Оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытумен қатар, бұл  мобильдік кабинет Ақтоғай ауданының шалғайда орналасқан ауылдық шағын жинақты мектептеріне көшпелі түрде іс-тәжірибелерді трансляциялау мақсатында пайдаланылатын болады. 

Инновациялық алаңның таныстырылымына «Шаг» Компьютерлік  Академиясының директоры Рыбкин И.С.,  «КАЗБРЕНД» қоғамдық қорының директоры Кошляк И.А., педагогтер мен оқушылар, ата-аналар мен кент тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

Оценить материал
0