Наверх

Погода в Астане: 27 февраля, вечер: -24° 5 м/с28 февраля, ночь: -22° 6 м/с28 февраля, утро: -19° 6 м/с28 февраля, день: -12° 5 м/с

2017 жылы әлеуметтік жәрдемақылар төлеміне 255,9 млрд. теңге бағытталды

690
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

255,9 млрд. теңге мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеміне бағытталды, деп жарияланған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында.

2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемі орташа есеппен 33 087 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшін – 12 719 теңге, және жасына қатысты – 12 719 теңге болды.

2018 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 16%-ға артты.

Осылайша, жалпы ауруға шалдыққан бірінші топтағы мүгедек – 54 306 теңге, екінші топтағы мүгедек  - 43 275 теңге, ал үшінші топтағы мүгедек – 29 416 теңге мөлшерінде жәрдемақы алады.

Аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен көзделген қаражаттың жалпы көлемі биыл 326,8 млрд. теңге.

Оценить материал
0