Наверх

Погода в Астане: 05 марта, вечер: -3° 9 м/с06 марта, ночь: -2° 9 м/с06 марта, утро: -4° 6 м/с06 марта, день: -5° 6 м/с

Биылғы Жолдауда білім мәселесіне айрықша көңіл бөлінді

1741
Фото: zanmedia.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы халыққа арналған биылғы Жолдауында төртінші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне басты көңіл бөлді, - дейді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Күлзира Искакова.

Елбасы өз мәлімдемесінде: «Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде  өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс», - деп Жолдаудың негізгі мақсатын анықтап берді.

Жолдауда Президент жүзеге асырылуы тиіс 10 негізгі басымдылықтарды айқындады: индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы; ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту; «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту; көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру; құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу; қаржы секторын «қайта жаңғырту»; адами капитал – жаңғырудың негізі ету; тиімді мемлекеттік басқару; жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі; «Ақылды қалалар» құру.

Аталған 10 бағытты іске асырудың негізгі арқауы ретінде  Жолдаудың өн бойында  білім мәселесіне айрықша көңіл бөлінген («білім» сөзі мәтінде 23 рет қайталанған).  Бұл жағдай  жоғары оқу орынында 40 жыл қызмет  атқарған ұстаз ретінде мені қатты қуантады.

Әсіресе, Президенттің бізге берген тапсырмасы: «Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет», - деп атап көрсетілген Жолдаудың жетінші басымдылығын  аса ыждағатпен оқыдым.

Бұл тапсырма  Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласының «Бiлiмнiң салтанат құруы» атты бөлімде айтылғандарды, біздің ойымызша, толықтыра, әрі нақтылай түседі. Онда: «Табысты болудың ең iргелi, басты факторы бiлiм екенiн әркiм терең түсiнуi керек. Жастарымыз басымдық беретiн межелердiң қатарында бiлiм әрдайым бiрiншi орында тұруы шарт. Себебi, құндылықтар жүйесiнде бiлiмдi бәрiнен биiк қоятын ұлт қана табысқа жетедi», - деп айтылған болатын.

Мемлекет басшысының білімге ұдайы көрсететін ықласы мен қамқорлығы ЖОО-лар оқытушыларына жаңа  талаптар мен міндеттер жүктейді. Осыған орай, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  биылғы Жолдауды өздерінің ғылыми-педагогикалық қызметтерінің жоғары  ұстанымы ете отырып, Елбасы ұсынған нұсқауларды  орындауға бар күш-жігерлерін жұмсауға даяр екендігін білдіреді.  

Оценить материал
0