Наверх

Погода в Астане:09 августа, вечер: +26° 4 м/с10 августа, ночь: +22° 4 м/с10 августа, утро: +23° 4 м/с10 августа, день: +29° 5 м/с

Екінші жекпе-жекте Головкин мен Альварестің гонорары қандай болуы тиіс

925
Фото: Sports.kz

Behind The Gloves журналисі Мишель Джой Фелпс Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қаржылай қойылған шарттарына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Sports.kz.

"Егер "Канело" - GGG жекпе-жегі мамырда өтпей қалатын болса, демек біреудің әділетті соманы алмағандығын білдіреді. Айтқанымнан кейін, қалай ойлайсыздар: бірінші жепке-жектің қорытындысын есепке ала отырып, гонорар теңдей екіге бөлінуі тиіс пе - 50 де 50?", - деп жазды Фелпс твиттерде.

Оқырмандардың 73 пайызы келісетіндерін жазды, ал қалған 27 пайызы ақша балансы тең болмауы керек деп есептейді. Дауыс беруге үш мыңнан аса адам қатысқан. Айта кетейік, Головкин - Альварес реваншы биыл 5 мамырда өтуі мүмкін.

Оценить материал
0