Алматыда жаңа екі автобус бағыты ашылды

Алматыда шағын автобустар қатынайтын жаңа екі №46 және №122 бағыттары ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
№46 бағыт бойынша жылжымалы құрамның 10 бірлігі қызмет көрсетіп, интервал арасы 10 минутты құрайды. Болжамдағы жолаушылар легі – тәулігіне 3000 адам.
Көлік бағыты Первомайка ықшам ауданы – Универсалды базары – Құлагер елді мекені – Жетісу аудандық әкімдігі – Белинский көшесін қамтып, «Алматы-1» теміржол вокзалына дейін барады.
Алатау ауданындағы Рахат және Мәдениет елді мекендері тұрғындарын көлікпен қамту үшін бұрын бір ғана автобус қатынайтын №122 бағытына трассификация бойынша өзгеріс енгізілді. Енді көлік мыналарды қамтиды: Рахат, Мәдениет ықшам аудандары – №196 мектеп – М.Шоқай көшесі – Орталық – ҮАК- Саялы – ХҚКО авто – Ақын Сара көшесі – Б.Момышұлы көшесі – Универсиада көшесі – Алатау ауданының ХҚКО. Бүгіннен бастап бұл бағыт бойынша бес автобус жүруді бастады. Интервалы – 20 минут.
Айта кетейік, 2017 жылы көлікті реформалау аясында Алматыда 388 автобус алынған.