Наверх

Погода в Астане:30 сентября, день: +13° 3 м/с30 сентября, вечер: +7° 3 м/с01 октября, ночь: +6° 3 м/с01 октября, утро: +8° 3 м/с

ОҚО-да ассамблея мүшелері Жолдау жүктеген міндеттерді саралады

662
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Бұл туралы облыс әкімінің сайтында жарияланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық бірыңғай күні аясында өткен шараға ғалымдар, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері қатысты.

Жиынға қатысушылар Жолдауда айтылған индустрия, жаңа технология, цифрландыру жүйесі, логистикалық инфрақұрылым, қаржы секторы, адам капиталы, тиімді мемлекеттік басқару, заң үстемдігі сынды 10 бағыттың маңызына жеке тоқталып, одан туындайтын мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жайын кеңінен талқылады.

Оценить материал
0