Наверх

Погода в Астане: 22 февраля, ночь: -4° 3 м/с22 февраля, утро: -4° 3 м/с22 февраля, день: +1° 3 м/с22 февраля, вечер: -3° 3 м/с

ШҚО – да сабақтар мұражайда өткізілмек

452
Фото: «Алдаспан» газетінен.

Мектеп оқушылары тарих, география, биология, мәдениеттану, бейнелеу өнері сынды пәндерді мұражайларға барып оқымақ.

Оқушыларды мұражайларға апарып оқытуды жүйелі түрде қолға алу бастамасын облыс әкімі Даниал Ахметов айтып отыр. Әкімнің ойынша, мұражай бос, құр қаңтарылып тұрмауы қажет. Мәдени, тарихи жәдігерлер жинақталған, танымдық жағынан маңызы зор мұндай мекемелер балалар мен жастардың білім алар ортасына айналуы тиіс.

Оның үстіне, алдыңғы жылдан бастап өңірде археологиялық жұмыстар жанданғаны белгілі. Мәдениет басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, былтыр Шілікті, Берел, Абылайкетте жүргізілген қазба жұмыстарынан жиналған 1,5 мың археологиялық жәдігер облыстық өлкетану мұражайына тапсырылған. 

- Өскеменде тарихи-өлкетану, Семейде Достоевский атындағы әдеби-мемориалды, Невзоровтар отбасына арналған бейнелеу өнері сынды тамаша мұражайларымыз бар. Оны мектеп оқушыларына танытып, тарих, география, биология, жалпы мәдениетке қатысы бар пәндерді мұражайда оқудың тетігін табу қажет, - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, қазақтың бейнелеу өнері шағын ортаға ғана таныс. Қазақ суретшілерінің өткен ғасырдың 60-шы жылдарда салған көркем суреттері - әлемдік бейнелеу өнерінде жоғары бағаланған бірегей туындылар. Оның көбін қазіргі жастар білмейді. Дәріптеп, танытып жатқандар да аз. Осындай рухани байлықты, жауһар қазынаны қараусыз қалдырмауға тиіспіз,- деді облыс әкімі.

Облыс әкімі орынбасарлары мен басқарма басшыларына оқушыларды мұражай мен театрға апарудың жүйелі бағдарламасын бір айдың ішінде жасап шығу туралы тапсырма берді.Бұл жұмыстар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алдағы уақытта жүзеге асатын болады.

Дереккөз: «Алдаспан» газеті.

Оценить материал
0