Наверх

Погода в Астане: 02 июня, день: +34° 4 м/с02 июня, вечер: +29° 3 м/с03 июня, ночь: +23° 5 м/с03 июня, утро: +27° 5 м/с

Елордада мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өтеді

1802
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

17 қаңтарда сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін «Еуразия» сауда орталығында Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік органдармен, «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның департаменттерімен бірлесіп, «Мемлекеттік қызметтердің  жәрмеңкесін» өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Басты мақсат- халық арасында мемлекеттік қызметтердің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі мен электронды мемлекеттік қызметтерді дәріптеу.  

Жәрмеңкеге жергілікті атқару органдарының, мемлекеттік қызметтер саласында қызметтері сұранысқа ие аумақтық департаменттердің өкілдері қатысатын болады. Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7172)571994.

Оценить материал
0