Қазақстандық вагоншылар өзбекстандық теміржолшыларды оқытты

Ташкентте Товарный вагон депосында «Узбекистон темир йуллари» АҚ вагон шаруашылығының 120 еңбеккері біліктілігін көтерді.
Өткен жылдың қарашасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «УТЙ» АҚ арасында жасалған екіжақты келісім аясында қазақстандық инновациялық вагондарды өзара бірлесіп пайдалану қызметі басталған болатын. Сонымен қатар екі ел аумағындағы басқа да бағдарларға шыға алады.
Осы мақсатта «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ мен «Қазтеміртранс» АҚ мамандары өзбекстандық мамандарға сабақ берді.
Техникалық дәріс беру кезінде 12-9920, 12-9941 модельді жүк вагондарына техникалық және технологиялық қызмет көрсету мен жөндеу жайлары қарастырылды.
Қазақстандық мамандардың іс тәжірибесін өзбекстандық теміржолшылар табысты жүргізетін болады,- деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.