Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Еліміздегі медициналық ұйымдар қызметін рейтингілік бағалау нәтижелері

2031
Фото: Министрліктің сайтынан.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен 2017 жылдың қорытындысы бойынша меншік нысанына қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық көмекті көрсететін республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі медициналық ұйымдардың рейтингілік бағалау нәтижесі жарияланды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Бағалауды жүргізудің негізгі мақсаты- өңірлердегі денсаулық сақтау жағдайы және көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы туралы ақпаратқа пациенттердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

2017 жылдың бірінші жартысы бойынша өңірлердегі медициналық ұйымдарды және ғылыми-зерттеу институттарын/ғылыми орталықтарын іріктеу қорытындысы бойынша жетекші және арттағы позициялар анықталды.

Бағалау нәтижелерімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ресми сайттарында танысуға болады.

Оценить материал
0