Наверх

Погода в Астане: 17 сентября, вечер: +10° 6 м/с18 сентября, ночь: +8° 5 м/с18 сентября, утро: +8° 6 м/с18 сентября, день: +12° 6 м/с

Өскеменде аулаларды жөндеуге 900 млн теңге бөлінеді

1410
Фото: Иллюстративный снимок.

Облыс әкімі 100-ге тарта ауланы жөндеу керектігін айтса, жергілікті билік тек 30 ауланы ғана жөндей алатындығын айтып отыр.

Ал қай аулалардың жөнделетіндігі тек ақпан айының басында ғана белгілі болмақ.

- Қазіргі уақытта «Менің аулам» атты жобаға 90 ауланы жөндеу қажеттігі туралы өтініш келіп түсті, - дейді Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев.

Қала басшысының айтуынша, бір ауланы жөндеу үшін жарты айдай уақыт қажет.

- Бізге 100 ауланы жөндеу туралы тапсырма келіп түсті. Алайда мердігерлердің мүмкіншілігі бұған жетпейді. Сондықтан тек 30 ауланы ғана жөндеуден өткізе аламыз, - дейді Қуат Тұмабаев.

Жөндеу жұмыстары сәуір айынан басталады.

Дереккөз: Устинка Live.

Оценить материал
0