Елордада мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтуде

Бүгін «Евразия» СО келгендерге тегін мемлекеттік қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігі сайтының тілшісі.
Қала тұрғындары сауда үйінің төртінші қабатында жеті мемлекеттік қызмет түрін және электронды-цифрлы қолтаңбаны ала алады. Мақсат – Электронды үкімет қызметін насихаттау.
- Кеңеске мемлекеттік кірістер, ішкі істер, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, әділет департаменттерінің және жер қатынастары басқармасының, ХҚКО-ның өкілдері қатысты, - деді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқарма басшысы Айжан Умаралиева.
Жәрмеңке тұрақты түрде Астана қаласы әкімдігі және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдері, Азаматтарға арналған үкімет» МК және аудандық әкімдіктермен бірлесіп өткізіледі.