Наверх

Погода в Астане: 04 июня, ночь: +22° 5 м/с04 июня, утро: +27° 5 м/с04 июня, день: +34° 5 м/с04 июня, вечер: +28° 4 м/с

Алматыда «Цифрлық ХҚКО» ашылады

1830
Фото: tengrinews.kz.

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов жақын арада елімізде ашылатын Халыққа қызмет көрсету орталықтары жайында  толық ақпарат берді.

Оның айтуынша, жылдың басында Астанада «Цифрлық ХҚКО» жобасы іске қосылған. Мақсат- электронды қызметтерді көрсету үлесін арттыру. Қазір көпшілік «Цифрлық ХҚКО» арқылы өткен кезде шын мәнінде электрондық қызметтер жеңіл, әрі қолайлы екенін білді, - дейді А. Оспанов.

- Таяу арада Алматы қаласында,одан соң барлық облыс орталықтарында цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады. Цифрлық фронт-офисте мемлекеттік қызметтер толықтай автоматты түрде ұсынылып, азаматтар жоғары технологияларға негізделген құрылғылар арқылы қызметтерге өз бетінше қол жеткізеді.

Бүгінде Қазақстан бойынша 14 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ секторлар деңгейінде тағы екі мамандандырылған ХҚКО жұмыс істеуде. Биыл тағы Атырау мен Орал қалаларында ашылады, - деді Абылайхан Оспанов.

Оценить материал
0