Наверх

Погода в Астане: 26 июня, вечер: +14° 6 м/с27 июня, ночь: +11° 4 м/с27 июня, утро: +10° 7 м/с27 июня, день: +13° 8 м/с

Құрлық әскерлерінің әскери институтында мұражай ашылды

1148
Фото: Министрлік сайтынан.

Мұражайды ашудың мақсаты- ұлттық мәдениетті жаңғырту, сақтау және дамыту, үздік жауынгерлік дәстүр негізінде өскелең ұрпақты  өткеннің тарихына қызығушылықты ояту. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Мұражайды құруға офицерлер мен сержанттар, институт ардагерлерінің кеңесі, тәрбие және идеологиялық жұмыс кафедрасының офицерлері мен курсанттар қатысты. Ұсынылған материалдардың арасында институттың бүкіл қызметі мен даму кезеңдерін сипаттайтын нақты құжаттар мен өзге де заттар бар.

Мұражайдағы төрді ӘЖЖКУ бірінші бастығы генерал-майор Вачакан Власовқа арналған экспозиция алып отыр. Экспозиция ретінде өткен түлектердің қызметі туралы сыр шертетін материалдар жинағы ұсынылған.

Мұражай институт тарихымен, даму тарихына қатысы бар бірегей құжаттар мұрағатымен танысуға, әскери жоғары оқу орнының қалыптасуында маңызды рөл атқарған институт басшылары туралы білуге мүмкіндік береді.

Оценить материал
0