Наверх

Погода в Астане: 26 июня, вечер: +14° 6 м/с27 июня, ночь: +11° 4 м/с27 июня, утро: +10° 7 м/с27 июня, день: +13° 8 м/с

Әскери қызметшілер Спартакиада жолдамасы үшін бақ сынасады

1111
Фото: Министрліктің сайтынан

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 500-ден аса әскери қызметші спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша Спартакиаданың қысқы кезеңінде мықты деген атаққа ие болу үшін бақ сынасады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Ауқымды жарыстың қысқы кезеңі бес чемпионаттағы біріншілікте күш сынасатын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағын орындауға құқық алатын қазақстандық армияның ең мықты әскери қызметшілерінің басын қосады.

Спартакиаданың аталмыш кезеңі Президенттік көпсайыс (қысқы үшсайыс), армиялық қоян-қолтық ұрыс, гір және шаңғы спорты, сондай-ақ әйелдер арасындағы волейбол бойынша сайыстарды қамтиды.

Іріктеу кезеңдеріне барлығы 30 мыңнан аса әскери қызметші қатысуда. Бүгінгі таңда «Шығыс» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарында, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің десанттық-шабуылдау әскерлерінде іріктеу кезеңдері аяқталды.

- Спартакиада қорытындысы бойынша үздік спортшы әскери қызметшілердің арасынан ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің Спорт комитеті аясында өткізілетін халықаралық жарыстарда Қарулы Күштердің намысын қорғайтын болады, - дейді Спорт комитетінің төрағасы полковник Расул Мейірманов.

Оценить материал
0