Елімізде 140 кәсіпорын «Сенім сертификатына» ие болды

Биыл 1 – қаңтардағы жағдай бойынша 1,6 мың ірі өндіріс орны және 113,5 мың орта және шағын кәсіпорындармен меморандум жасалды, деп жарияланған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында.
Тараптар аталған міндеттемелерді орындау кезінде еңбеккерлер үшін 2,8 млн. жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді.
140 кәсіпорын «Сенім сертификатының» иегері болды
Жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес Декларация қағидалары негізінде сенім сертификаттары беріледі. Мұндай куәлікті алғандарға үш жыл ішінде тексеріс жүргізілмейді.
2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Сенім сертификатына» ие болған кәсіпорындар саны өткен жылмен салыстырғанда, 1,7 есеге артып, олардың қатары 140-қа жетті.
Бұл кәсіпорындарда үш жыл бойы ішінара және бақылаудың өзге түрлері жүргізілмейді.
Республикадағы кәсіпорындарда 12 412 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңестер құрылған.
2018 жылдың басында елдегі кәсіпорындарда 12 412 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңестер құрылып, бұл 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайымен салыстырғанда 9,6 % -ға жоғарылады.