Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Алматыда өнеркәсіп өркендеп келеді

1048
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Алматы облысы аграрлық аймақ бола отырып, өзінің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға ден қойып келеді. Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 750,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,9 %, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, аталған мерзімде өнеркәсіп өндірісіндегі өңдеу саласының үлесі 84,7 %-ға , ал өңдеу негізінде шығарылған өнім 636 млрд. теңгеге жеткен.

2017 жылы облыста 65 жаңа өнеркәсіп орны ашылып, жұмыс істеп тұрған 30 нысан кеңейтілді, соның негізінде қосымша 1 800 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар өткен жылы облысқа 527,3 млрд. теңге инвестиция тартылған.

Оценить материал
0