Наверх

Погода в Астане: 02 июня, день: +34° 4 м/с02 июня, вечер: +29° 3 м/с03 июня, ночь: +23° 5 м/с03 июня, утро: +27° 5 м/с

Студенттерге деструктивті діни ағым идеяларының таралуын болдырмау мақсатында семинар өткізіледі

2926
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті 2018 жылы 24 қаңтар күні  «Студенттер арасында деструктивті діни ағым идеялары таралуының алдын алу: мәселелер, ізденістер, шешімдер» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізеді, деп хабарлайды Объектив.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинардың мақсаты − елордамыздағы ЖОО-дағы студенттерге білім беруші ұстаздарға діни экстремизмнің алдын алу бағытында әдістемелік бағдар беру, дін мәселесін әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп жүрген сала мамандары мен жауапты мекеме қызметкерлерінің келелі кеңесін тыңдау, діни құндылықтарды құбыжық қылып саяси мақсатта қолданушы деструктивті діни топтардың жастарға зиянды әсерін болдырмау.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, ҚР Парламент депутаттары, Астана қалалық маслихат депутаттары, Астана қалалық Дін істері басқармасы, Астана қаласының ЖОО-ның тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, жасар ісі комитетінің төрағалары мен діни мәселелерді зерттеуші мамандар қатысқан жиында діни экстремизмнің профилактикасы жайында тәжірибе алмасу іске асады.

Шара барысында сала мамандары декан орынбасарлары мен кураторларға, жастар ісі комитеті төрағаларына деструктивті ағымдармен күресудің, экстремистік иедялардың алдын алудың жолдарын үйретеді.

Оценить материал
0