«Астана» өңірлік қолбасшылығында ерлік сабағы өтті

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы шақырылуға дейінгі жастар үшін ерлік сабағын өткізді. Оған Қарағанды қаласы № 6 орта мектебінің басшылығы мен оқытушылары қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
Сабақтың өткізілуі барысында әскерилер ҚР Қарулы Күштерінің қатарындағы қызмет, өткізілетін оқу-жаттығулар мен оқу-жауынгерлік тапсырмалар туралы баяндайтын, сондай-ақ әрі қарай өзінің қызметін келісімшарт бойынша жалғастыруға әзір, қазақстандық әскери қызметін мақтан тұтатын жас сарбаздарды паш ететін бейнероликтер көрсетілді.
«Астана» ӨңҚ басқармасының әскери қызметшілер майор Айдос Елеукенов пен 1-сыныпты сержант Асхат Қарауылов балаларға қазақстандық армиядағы офицер мен сержанттың баға жетпес рөлін айтып берді, сондай-ақ өздерінің әскери өмірлерінен естеліктер және қызыққа толы оқиғаларымен бөлісті.
Кездесу барысында балаларға ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына түсу және қазақстандық әскер қатарында мерзімді әскери қызметті өткеру ережелері түсіндірілді.