Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

ОҚО-да былтыр 103 шағын мал бордақылау алаңы ашылды

1236
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

ОҚО Сайрам ауданының халқы негізінен ауылшаруашылығымен айналысады. Жер жыртып егін егеді, қорада мал байлайды. Шаруашылықтарын дамыту мақсатында микро қаржы ұйымдарынан төмендетілген пайызбен несие алып жатқандардың да дені Сайрам ауданының тұрғындары, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Тынымсыз еңбектің нәтижесі болса керек, 2017 жылы ауданның ауылшаруашылығы саласында 58,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өсім 103,6 пайызды құрап, облыс бойынша 3 орынға тұрақтады.

Елбасының «100 нақты қадам - Ұлт жоспарындағы» 60-61 қадамында ет және сүт өнімдерін өндіру, оларды жаңа технологиялар негізінде қайта өңдеу көлемін арттыру айтылған.

2021 жылға қарай аудандағы қайта өңдеу кәсіпорындары өндірілген өнімдердің  өңдеу үлесін, мәселен, ет өңдеуді  21 пайызға, сүт өңдеуді 23 пайызға, көкөніс-жеміс өңдеуді  46 пайызға жеткізу жоспарлап отыр.

Оценить материал
0