Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Павлодарға жаңа трамвайлар жеткізіледі

887
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте жаңа трамвайлардың қашан әкелінетіні туралы талқыланды. Белгілі болғандай, белорусь зауыты вагондарды жеткізудің мерзімін жылжытуды сұрайды және бұл өтінішімен үкімет деңгейіне жүгінген, деп жарияланды облыс әкімінің ресми сайтында.

Бүгінгі күні 23 жаңа трамвайдың үшеуі Павлодарға жеткізілді: екеуі желіге шықса, ал үшіншісі жақын арада жүретін болады. Тағы үш трамвай 90% дайын және Минскіде құрастырылады, бірақ қозғалтқыш жиынтығы бастапқы қалыпта қалады.

– Соңғы кесте бойынша барлық 23 трамвайды 31 наурызға дейін алуымыз қажет, бірақ көрсетілген мерзімде жеткізу екіталай, – деп атап өтті «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Ян Марина. Барлық вагондар Павлодарға Ресей зауытында қозғалтқыштарды өндіру бойынша жұмыс мөлшері төмендеген кезде 31 мамырға дейін жеткізіледі.

Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов жағдайдың басын ашып, жаңа трамвайларды жеткізудің нақты мерзімін анықтауды тапсырды.

Оценить материал
0