Наверх

Погода в Астане: 02 июня, день: +34° 4 м/с02 июня, вечер: +29° 3 м/с03 июня, ночь: +23° 5 м/с03 июня, утро: +27° 5 м/с

Жұма күні «Қандыағаш-Ақтөбе» бағытында тегін такси қатынайды

3246
Фото: Мешіттің баспасөз қызметінен.

Енді жұма сайын мұғалжарлықтардың Ақтөбе қаласына тегін барып-қайтуға мүмкіндігі бар. Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешіті мен «Айжан» ЖК жолаушыларды тасымалдау қызметі бірлесе отырып, осындай игі бастама көтерді.

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған қызмет аптасына 6 адамға ғана көрсетіледі. Соның ішінде жеңілдік ең бірінші кезекте әлеуметтік нысаналы топтарға, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелеріне, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі. Ол үшін аудандық «Нұртай» мешітіне алдын-ала хабарласып, тіркелу қажет.

Таңертеңгі сағат 9.00-де Қандыағаш қаласынан Ақтөбе қаласына бағыт алған тегін такси түскі сағат 15.00-де кері қайтады. Жолаушылар да осы аралықта жұмыстарын реттеп, көліктің қайтар уақытына үлгеріп келулері қажет.

Алдын ала тіркелу және қосымша ақпарат үшін: 8-71-333-36-4-62.

Әсемхан Ерғазин, «Нұртай» мешітінің наиб имамының ұялы телефоны: 8-771-599-23-61.

Дереккөз: «Ақтөбе» облыстық газеті.

Оценить материал
0