Елімізде бидай мен ұн тиеу көлемі артты
1973

Фото: Министрліктің сайтынан.
Қазақстанда 2017 жылы бидай мен ұн тиеу көлемі 12,1 млн тоннаны құрады (8 917,5 мың тонна бидай және 3 216,6 мың тонна ұн). Бұл 2016 жылдың деңгейінен 6,1 %-ға артық, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Республика аумағында ең үлкен өсім ұнды тиеу көрсеткішіне тиесілі, яғни 866,1 мың тонна немесе 2016 деңгейімен салыстырғанда 130 %.
2017 жылы Ақтау порты арқылы 995 мың тонна бидай артылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 24 %-ға артық.
Қажетті теміржол жылжымалы құрамамен қамтамасыз ету мақсатымен арнайы Іс-шара жоспары бекітілді. Соған сәйкес Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктері жанында бидай мен ұнды тасымалдау бойынша іс-әрекетті үйлестіру жөніндегі жедел штабтар құрылды.
Теги: Бидай мен ұн тиеу, Экономика
Оценить материал
0
0
Поделиться
Похожие материалы