Былтыр «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша 4 мың адам өз бизнесін бастаған

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының іске асырылуы - кәсіпкерлік негізде несие алу және оқу арқылы өз бизнесін ашу үшін жағдай жасауды көздейді, деп хабарлайды Объектив.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2017 жылы «Бастау-Бизнес» жобасымен 15 мыңнан астам адам қамтылып,олардың барлығы оқудан өтті. Соның ішінде шамамен 3,3 мың адам шағын несиелер алған.
Бүгінгі таңда шағын несиелеудің ауқымы кеңейіп, ауыл тұрғындарымен қатар қалалық азаматтардың да бұған мүмкіндіктері бар.
Несиенің шекті көлемі 18 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Мерзім 5 жылға дейін, ал егер мал шаруашылығы немесе ауыл шаруашылық кооперативтерін құру кезінде бұл 7 жылға дейін ұзартылды.
2017 жылы 7 000 жуық шағын несие беріліп, 57%-ы немесе 4000 астамы өз бизнесін бастады