Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

Қазақстан мен Италия арасындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастық

1914
Фото: Министрліктің сайтынан.

Алматыда қалдықтарды кешенді өңдеуді басқару мәселелері бойынша R4PARTNERS халықаралық бизнес-форум өтуде. Форум аясында «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы» АҚ), UNIRE қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарының одағы (Италия) және «Kazwaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастық» ЗТБ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Энергетика министрлігінің дерегі бойынша Қазақстанда жыл сайын қосымша 5-6 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық пайда болады екен. 2025 жылға қарай бұл 8 миллион тоннаға дейін өсуі мүмкін. Бұл ретте 2017 жылы қайта өңделген және кәдеге жаратылған қатты тұрмыстық қалдықтардың үлесі 9%.

Форумда отандық компаниялар ірі шетелдік компаниялар мен халықаралық қаржы институттарының өкілдерімен бірге жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін талқылауға және өз қызметін таныстыруға мүмкіндік алды.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Хамзин инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешеніндегі (ИТК), оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуді басқарудағы инновациялар  жайлы айтып берді.

Форум қатысушылары биоқалдықтарды жинау және қайта өңдеудің заманауи әдістерін, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үшін инновациялық технологияларды, «жасыл инвестицияларды» қолдану практикаларын, инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын және басқа да тақырыптарды да талқылады.

Оценить материал
0